2018 ж. 19-21 маусымы аралығында Астана қаласында тау-металлургия кешенінің ауқымды салалық оқиғасы – 25-ші Бүкіләлемдік Тау Конгресі өтті. Ол 1985 ж. бастап әр 2-3 жыл сайын өткізіледі.
Бүкіләлемдік Тау Конгресі аясында 2 өте ірі өнеркәсіптік көрме болды:
«ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАР ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» атты 24-ші ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ және «ЖОЛ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ҚҰРЫЛЫСЫ, КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКА» атты 15-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨРМЕ.
Көрмеге 300 астам адам келді, 26 елден 260 экспонанттар қатысты.
Ұлттық стенділерін келесі елдер ұсынды: Австралия, Ұлыбритания, Норвегия, Канада, Франция, Финляндия, ҚХР, Польша және Чехия Республикасы.
Көрменің және кспоненттер стенділері бойынша VIP-турына қатысты: ҚР Инвестициялар және даму министрі – Касымбек Женис Махмудович; Бүкіләлемдік Тау Конгресі ұйымдастыру комитетінің төрағасы – Марек Цала; «Iteca» көрме компаниясының директоры – Бородихин Юрий. Бұдан басқа мамандандырылған VIP-тур аясында қатысушылардың стенділеріне Министрліктер мен Ведомсвтолардың қызметкерлері, ірі тау-кен өңдеу кәсіпорындарының басшылары мен жетекші мамандары келді.
Біз сайтқа келушілер үшін көрмеден шағын фотоесеп шығаруға қуаныштымыз.