Studbolt Manufacturing компаниясы «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты болды

«Бүгін осы Сыйлықты ала отырып, мен біздің ұжымның компанияны құруға салған күш-жігері мен еңбегі, өндіріс, үнемі жетілдіруге және жоғары сапаға ұмтылу – осының бәрі бекер болмағанына тағы бір рет көз жеткіздім. Бұл марапат жаңа мақсаттар мен биіктерге жетудің бастамасы болады деп сенемін», - дейді компания директоры Сәкен Мұратов.


Президенттің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын конкурстық негізде ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін беріледі.
Сапа саласындағы жетістіктер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын табыс ету жылдың басты оқиғасы болып табылады. Сыйлықты
Қазақстан Республикасының Президенті табыстайды, бұл осы байқаудың ел үшін үлкен маңыздылығын білдіреді.

Яндекс.Метрика