Studbolt Manufacturing «Алтын Сапа» конкурсына қатысты

«Стадболт Мануфактуринг» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйақысының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясына алғашқы болып териалдар ұсынды.

«Біздің компаниямыз бұл конкурса алған қатысып отыр. Сөз жоқ біз жеңетінімізге үміттіміз, өйткені 4 жылғы жұмыс бойы жұмысты ретке келтіру үшін аз күш жұмсалған жоқ. Бірақ тіпті біз бірінші орын ала алмасақта, бұл бізге келесі конкурстар үшін жақсы тәжірибе және ынта болады!» - дейді компания директоры Сакен Муратов. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Қарарына сәйкес, «Алтын сапа» жыл сайын конкурстық негізде ұйымның өнім және/немесе қызмет саласында, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нәтижелерге қол жеткізген нәтижелері үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін  беріледі.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйақысын беру жылдың маңызды оқиғасы болып табылады. Сыйақыны Қазақстан Республикасы Президенті береді, бұл конкурстың еліміз үшін үлкен маңызға ие екенін көрсетеді.

Яндекс.Метрика