Studbolt Manufacturing компаниясы ТМД сыйақылары конурсының финалына өтті

Қазылар алқасының шешімімен Studbolt Manufacturing компаниясы «Жұмыс істеушілер саны 250 адамға дейінгі өндірістік мақсаттағы өнімдер өндірісі» номинациясында өнім сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы Сыйлықақысын алу конкурсының финалына өтті.

Таяу арада мекемені зертеп, бағалауға Ресей мен Беларусиядан сарапшылар комиссия өкілдерінің шығуы жоспарлануда, 2021 жыл соңына қарай конкурс қазылар алқасымен нәтижелері ұсынылады. 2022 жылдың наурыз айында сыйлықақы беру туралы шешім ТМД экономикалық кеңесімен қабылданылады.

Еске сала кетейік, компания 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» Сыйлықақысының лауреаты атанып, ТМД конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болған.

Өнім сапасы мен қызметі саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының  Сыйлықақысы екі жылда бір рет конкурстық негізде ТМД қатысушылары – мемлекеттік мекемелерге өнім сапасы (қызмет) саласында елеулі нәтижелері, оны қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапаны басқаруда қазіргі заманауи әдістер енгізгені үшін беріледі.

 Конкурс ұлттық бастамалар мен ТМД елдерімен өндірілген бәсекеге қабілетті өнімдер немесе қызмет көрсетулердің сапасын көтеруге бағытталған мемлекеттік басқарма органдарының күшін біріктіруге бейімделінген. Оның мақсаты – ынтымақтастық тағы мемлекеттік мекемелердің экспорттық мүмкіндіктерін көтеру және жоғары сапалы өнім немесе жоғары сапалы қызмет көрсетуге ынталандыру, жоғары тиімділіктегісапа менеджментінің  әдістер енгізу.

Яндекс.Метрика