11-13 сәуірде Атырауда Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі өтті

11-13 сәуірде Атырауда Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі және Global Oil & Gas Atyrau 2017 конференциясы өтіп, оған Стадболт Мануфактуринг те қатысты.  Көрмені өткізу үдерісінде жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен бірқатар келіссөздер жүргізілді.

Оған әлемнің 20 елінен келген 100-ден астам компаниялар қатысты, олардың ішінде Әзірбайжан, Германия, Дания, Иран, Италия, Қытай, Нидерланд, Оман, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Хорватия және Швейцария бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша «Атырау Мұнай және Газ» көрмесі отандық өндірушілер үшін тауарлар мен қызметтерді сатудың және ілгерілетудің тиімді құралы ғана емес, сонымен қатар Каспий маңы өңірі үшін халықаралық инвестициялар тартудың бірегей мүмкіндігі.

Салтанатты ашылу рәсімінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев беташар сөз сөйлеп, өз сөзінде бұл көрмелердің аясында өткізілетін шаралар отандық және шетелдік компаниялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері кездесіп, ең өзекті мәселелер талқыланатын тиімді алаң болып табылатынын айтты. 

Яндекс.Метрика